2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 26 желтоқсандағы 2521 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сай, соның ішінде 2010 жылға арналған келесі мөлшерлерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 310 890 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 6 031 228 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 602 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 265 170 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 972 890 мың теңге;
2) шығындар - 8 574 761 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 87 960 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 87 960 мың теңге;
5) бюджет профициті - 648 169 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -648 169 мың теңге.
2. Өскемен қаласының 2010 жылдарға арналған бюджетінде 500 636 мың теңгені құрайтын Өскемен қаласы бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін. Облыстық бюджетке Өскемен қаласының бюджетінен бюджеттік алулардың көлемі - 0.
3. 2010 жылға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 33 064 мың теңге сомасында бекітілсін, соның ішінде:
шұғыл шығындар резерві - 23 064 мың теңге;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін төтенше резерві - 5 000 мың теңге;
сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау резерві - 5 000 мың теңге.